Судың бастапқы есебінің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19/1-274 бұйрығы
(2016.28.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 7-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Судың бастапқы есебінің қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.28.04. № 192 бұйрығымен жоғары оң жақтағы бұрышы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздығы
№ 19/1-274 бұйрығымен бекітілген
Судың бастапқы есебінің
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Судың бастапқы есебінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне сәйкес әзірленді және судың бастапқы есебінің тәртібін айқындайды.